Солтүстік Қазақстан облысы биология пәні мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілік деңгейін талдау


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 83

Авторлар

  • П.С. Дмитриев М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0002-2712-3508
  • С.О. Тажибаева М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • И.А. Фомин М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0001-9943-4914
  • С.М. Исмагулова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0003-3654-7756

Кілт сөздер:

экологиялық білім, экологиялық құзыреттілік, тұрақты даму, экологиялық жағдай, мұғалім, техногендік қызмет, экологиялық мәселелер, хабардарлық, іс-әрекет, сана

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысы биология пәні мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілік деңгейіне талдау жасалған. Зерттеудің өзектілігі білім берудегі қоғам мен экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу және экологиялық білім беруде мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігінен көрінеді. Google платформасындағы интернет-ресурс арқылы әлеуметтанулық сауалнама әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде мұғалімдердің көпшілігі экология саласындағы білімдерін, білік-дағдыларын жетілдіруді қажет ететіндігі туралы мәліметтер алынды, өйткені мұғалімді сипаттайтын бұл интегративті көрсеткіш олардың кәсіби қызметінің жеке құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Өз кезегінде, биологияны оқыту барысында білім беру қызметін іске асыру арқылы білім алушыларға алынған экологиялық құзыреттерді меңгертуге әсер етеді. Экологиялық білім беру, ең алдымен, әрбір мұғалім таза ауаның, генетикалық биоәртүрліліктің және топырақ құнарлылығының болашақ ұрпақтарына ұқыптылықпен берілуін ескере отырып, табиғи ресурстарға деген қажеттіліктің артуы жағдайында экологиялық құзыреттілікке ие болуы үшін білім берудің жалпы бөлігіне айналуы керек.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дмитриев, П., Тажибаева, С., Фомин , И., & Исмагулова, С. (2024). Солтүстік Қазақстан облысы биология пәні мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілік деңгейін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 154–170. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/506

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика