«Көптілділік» және «монотілділік» ұғымдарының ассоциациялық өрісі
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 31
Кілт сөздер:
көптілділік, монотілділік, үштілділік, білім беру жүйесі, ассоциациялық эксперимент, ассоциациялық өріс, ынталандырушы сөздер, реакциялық сөздер.Аңдатпа
Бұл мақалада «ассоциациялық эксперимент», «ынталандырушы сөздер»,
«реакциялық сөздер» терминдеріне анықтама беріліп, ассоциациялық эксперименттің пайда болу
тарихы мен қолдану өрісі сипатталады. «Көптілділік» және «монотілділік» концептілері мысалында
Қазақстан тұрғындарының көптілділікті енгізу процесіне деген көзқарастарын Google Forms
бағдарламасының көмегімен онлайн-сауалнама түрінде жүргізілген ассоциациялық эксперименттің
нәтижелері берілген.
Авторлар аталған эксперименттің көмегімен дүниетаным ретінде менталитет ана тілінің
категориялары мен формаларында зерттеліп, басқа әлеуметтанулық әдістермен бірге қолдану
жоғары дәрежедегі нәтижеге әкелетіндігі атап көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру саласына көптілділікті енгізудің тиімділігін зерттеу
маңызды. Себебі, көптілділіктің білім кеңістігіндегі әлеуетін саралау және көптілділікті енгізуде
ана тілінің механизмдерін назарда ұстау қажет. Білім беру саласы мамандарының халықаралық
деңгейдегі ынтымақтастығының, әріптестік көкжиектерінің кеңеюі және дерек көздердің
қолжетімділігінің артуын көптілділікті енгізу, қолдау аясындағы басты тиімділік екенін ғылыми
негізделуі тиіс.