Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен сапасының негізгі индикаторы ретінде білім беру ортасына қанағаттану
Қаралымдар: 116 / PDF жүктеулері: 62
Кілт сөздер:
білім беру ортасына қанағаттану, қанағаттану критерийлері, кәсіптік білім, өмір сүру деңгейі, білім сапасы, жастар.Аңдатпа
Қазақстандық қоғамның трансформациясы және өсіп келе жатқан жаһандық сынқатерлер жағдайында біздің ел халқының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ету
мемлекетті дамытудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл ретте осал санаттардың бірі
еңбек нарығында сұраныс факторы ретінде сапалы білім алу және тұрақты табыс алу мәселелері
жастар үшін өткір тұрған мәселе болып табылады. Бұл жағдайда осы аталған салада қалыптасқан
жағдаймен жастардың алатын білім беру қызметтерінен қажеттіліктері мен үміттерінің сәйкестігін
бағалау маңызды болып табылады. Мақалада техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру
ұйымдарының білім беру ортасына қанағаттануы білім беру сапасының субъективті көрсеткіші
ретінде қарастырылады, объективті статистикалық мәліметтермен салыстыру жүргізіледі. Зерттеу
халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, білім беру ортасының маңызды критерийлерінің
құрылымын анықтайды. Физикалық жағдайлары, компьютерлік жабдықталу деңгейін, білім беру
ұйымының қосымша дағдылар мен климаты, мәдениетін дамыту мүмкіндігін, студент жастарды
қолдау деңгейін бағалауды қоса алғанда жалпы бес объективті көрсеткіш ретінде бөлінді. Ресми
статистикалық ақпаратпен салыстыруды ескере отырып, өңірлер мен білім деңгейлері бөлінісінде
студент жастардың әлеуметтік сауалнамасының маңызды нәтижелері келтірілген. Алынған
нәтижелер проблемалық аймақтарды сәйкестендіруге және білім беру ортасына қанағаттанбау
деңгейін төмендету мақсатындағы шараларды әзірлеуге бағытталған.