Қазіргі қазақстандық БАҚ-тың түрлі әлеуметтік топтарға ықпалы


Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 121

Авторлар

Кілт сөздер:

қазіргі заманғы БАҚ, әлеуметтік топтар, БАҚ-тың ақпараттық әсері, жастар, қоғам

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақстандық БАҚ-тың әлеуметтену процесіне тікелей әсер ететін мінез-құлық, қарым-қатынас және қызметтің әлеуметтік стандарттарын белгілеудегі рөлі сипатталған. Сол сияқты жаңалықтар, мәдени және білім беру функцияларын орындайтын арналардың қызметі талданады.

Бүгінгі таңда әр түрлі жастағы көрермендер арасында ең танымал авторлық арналар бар, олардың мазмұны сұлулық, мейірімділік сияқты сипаттардан тұрады және көрермендердің көңіл-күйін әзілмен көтеруге бағытталған. Бұдан кейін қарапайым қазақстандықтардың өзекті жаңалықтары мен проблемаларын жариялайтын арналар белгілі.

Сондай-ақ, мазмұны заңдық және медициналық кеңестерді, мамандармен онлайн-сұхбатты, мазмұнын қарапайым және қолжетімді түрде ұсынатын  қазақ тілін онлайн-зерделеуді қамтитын арналар да танымал.

Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамдық санадағы өзгерістерге тікелей әсер етеді. Ұжымдық ойлауды қалыптастыру әлеуметтік медианың, интернеттің дамуына, демек, жаңа медианың қалыптасуы мен ашылуына ықпал ететін жаһандық процестердің бөлігі болып табылады. «Әсер етуші» ұғымының қалыптасуы қоғамға қозғау салып, жалпы медиа құрылымы дамуының бір аспектісі болып табылады. Мақалада  осы құбылысқа да талдау жасалады.

Бүгінгі таңда қоғамға авторлық арналардың үлкен әсер ететіні анықталды. Әрі олардың әрқайсысының дербес мазмұны да қалыптасқан.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есілов A., & Адамиденова B. (2024). Қазіргі қазақстандық БАҚ-тың түрлі әлеуметтік топтарға ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 428–435. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/574

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану