Қазіргі қазақстандық жастардың құндылық бағдарларын өзгермелі кеңістіктегі негізгі детерминаттар ретінде зерттеу


Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 66

Авторлар

Кілт сөздер:

құндылықтар, құндылық бағдарлар, қазіргі қазақстандық студенттер, өзіндік трансценденттілік, адамгершілік және рухани қасиеттер және т.б.

Аңдатпа

Әлемдік жаһандану процестерінің күшеюіне,  құндылықтардың дамуы, сол сияқты негізгі құндылықтардың құнсыздануы қатар жүріп жатқан қоғам өзгерісіне қарамастан, жалпы адамзаттық құндылықтардың, ең алдымен, руханияттың өсуіне байланысты нығайып келе жатқанына куә болудамыз. Біздің ойымызша, бұл парадокс, ең алдымен, қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар – коронавирус, Ресей бастаған соғыс әрекеттері, түрлі табиғи апаттар және т.б. бағдарлар, сонымен қатар олардың зерттеу парадигмасының өзгеруінен байқалады. Бұл құндылық бағдарларды зерттеудің өзектілігіне ғана емес, сонымен қатар олардың зерттеу парадигмасының өзгеруіне әкеледі. Қазіргі жастардың құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу айырықша маңызға ие, өйткені ол ХХ-ХХI ғасырлар тоғысында,  кеңестік білім мен тәрбиеден тәжірибесі жоқ жаңа ұрпақтың өзгермелі тұлғасын дамытудағы әлеуметтік жағдайдың қазіргі талаптары сұранысқа ие.

Зерттеу нысаны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқитын студенттер.

Зерттеудің эмпирикалық базасы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Зерттеуге философия және саясаттану факультетінде (ФжСФ) оқитын 131 студент (1-4 курс) қатысты.

Зерттеу көрсеткендей, қазіргі қазақстандық студенттерде (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мысалында) әмбебаптық пен мейірімділікті қоса алғанда, өзіндік трансценденттіліктің (Self-Transcendence) құндылықтары көбірек дамыған. Қалыптасқан құндылықтар адамгершілік сана, адамгершілік іс-әрекеттер мен жеке адамгершілік (рухани) қасиеттер саласында толық көрінеді. Бұл статистикалық анықталған қатынастармен расталады.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы оның нәтижелері, бір жағынан, қазіргі жастар арасында құндылықтардың қалыптасуы мен үздіксіз өзгеруін, екінші жағынан, қалай істеу керек және нені қалайтыны арасындағы қайшылықты, сыртқы әлеуметтік шындық қандай нұсқауларды белгілейтінін көрсетеді. Демек, қазіргі қазақстандық студенттердің құндылық бағдарлары құбылысы көп әлемдегі өзгеріске бейім тұлға дамуының әлеуметтік жағдайымен дәлелденген.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аймаганбетова O., Жубаназарова N., Адилова E., & Жигитбекова B. (2024). Қазіргі қазақстандық жастардың құндылық бағдарларын өзгермелі кеңістіктегі негізгі детерминаттар ретінде зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 350–364. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/607

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)