Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамыту
Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
болашақ әлеуметік педагог, кәсіби құзыреттілікті арт-технология арқылы дамыту, арт-технология, soft skilss.Аңдатпа
Мақалада еліміздегі адами капиталдың дамуы негізінде мамандарды дамыту мәселесіне ерекше көңілі бөлінетіндігі айтылып, болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың маңыздылығы туралы жан-жақты қарастырылады. Студенттерді әлеуметтік педагогикалық қызметке дайындауда олардың кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамыту – болашақ әлеуметтік педагогтердің кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешуіне ықпал етеді. Мақалада арт-технология ұғымына сипаттама жасалып, оның әлеуметтік педагогикалық қызметтегі мүмкіндіктері қарастырылды. Арт-технологиялардың арт-педагогика, арт-терапия негізіндегі зерттелуі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы жүргізілді. Сондай-ақ философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік педагогикалық еңбектердегі арт-технологиялардың шығу тарихы мен қолданылуы да қарастырылған. Зерттеудің теориялық бөлімінде арт-технологиялардың болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы маңыздылығы, ерекшеліктері қарастырылса, зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінде болашақ әлеуметтік педагогтерге тәжірибе жүргізілді. Тәжірибеге тек студенттер ғана қатысып қоймай, кәсіби қызметіндегі кейстерімен бөлісуі мақсатында, қазіргі таңда жұмыс жасап жүрген әлеуметтік педагогтер де қатысты. Еліміздің әртүрлі өңірінен жиырмаға жуық әлеуметтік педагогтер кәсіби әрекетіндегі қиындықтарын, мәселелерін, олардың шешімдерін табу жолдарымен бөлісті. Эксперименттік топтағы студенттер әлеуметтік педагогтердің кейстерін «Өнерге негізделген әлеуметтік педагогикалық қызмет» курсында арт-технологиялар арқылы шешу негізінде талдады. Он екі сабақты қамтитын курста студенттер әр сабақ сайын арт-технологияның бір түрін талдау арқылы, болашақ қызметінде кездесуі мүмкін мәселелерді жан-жақты талдап, арт-технологиялар туралы терең білім алды. Сонымен қатар, тәжірибе жүргізу барысында бақылау және эксперименттік топ студенттерінен «Кәсіби әрекетті өздігінен бағалау» сауалнамасы жүргізіліп, эксперименттік топ студенттеріндегі soft skills екі есеге артық болғандығы байқалып, арт-технологиялардың әлеуметтік педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы маңызы дәлелденді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.