Болашақ педагогикалық мамандарды кәсіби даярлаудың акмеологиялық тәсілдері


Қаралымдар: 75 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

Кілт сөздер:

акмеологиялық тәсілдер, педагогикалық шарттар, кәсіби қызығушылық, акмеологиялық қалыптасу, кәсіптік педагогика, акмеологиялық бағыт.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі, болашақ педагогикалық мамандарды кәсіби даярлаудағы заманауи акмеологиялық тәсілдері мен және әдіскер ғалымдардың көзқарастары қарастырылған. Оның ішінде болашақ мамандардың кәсіби дайындығы мен кәсіби даму мәселелеріне арналған ғылыми еңбектерді зеределей келе, кәсіптік-педагогикалық бағыттарға арналған акмеологиялық тәсілдерді жүзеге асыру үшін – оның мақсатын, мазмұнын және педагогикалық шарттары айқындалған. Сонымен қатар, болашақ педагогикалық мамандардың акмеологиялық бағытының қалыптасуын сипаттайтын кәсіби қызмет пен кәсіби өзін-өзі дамытудың мақсат, мазмұндарын түсіну, олардың бір-біріне сәйкес келуі, кәсіби қызығушылықтар мен білім беруді қалыптастыру және тағы сол сияқты көрсеткіштерін айқындай келе, тұлғаның акмелогиялық қалыптасуын бағалайтын когнитивті, эмоционалды-бағалау және мотивациялық мінез-құлық критерийлерінің анықталғандығы мақалада тиянақты баяндалады. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталған кәсіптік-педагогикалық білім беруде акмеологиялық тәсілдерді жүзеге асыруға арналған нақты педагогикалық шарттары анықталып, алты түрлі жолмен мақалада көрсетілген. Мамандар даярлау мазмұнындағы кәсіптік педагогикалық білім беруге арналған акмеологиялық тәсілдерді жүзеге асыру тәсілдерінің реті анықталып берілген. Мақаланың соңында педагогикалық эксперименттің нәтижесі берілген, онда бақылау және эксперименттік топтардың арасындағы болашақ мамандардың акмеологиялық бағытын дамытудың барлық деңгейлерінде айырмашылықтар барлығы дәлелді айтылады.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Анарбек, Л., Сәрсенбаева, Г., & Исаева, Г. (2024). Болашақ педагогикалық мамандарды кәсіби даярлаудың акмеологиялық тәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 219–229. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/689

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика