Жоғары оқу орындарындағы студенттерде эмоциялық интеллекті мен жетістікке жету мотивациясының өзара байланысы
Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 6
Кілт сөздер:
Студенттер, эмоциялық интеллект, әлеуметтік интеллект, жетістікке жету, мотивация, оқуға қатынасы, оқу нәтижелері, академиялық жетістік.Аңдатпа
Зерттеу мақсаты – студенттердегі эмоциялық интеллект пен жетістікке жету мотивациясы арасындағы өзара байланысты айқындау. Мақалада эмоциялық интеллект ұғымына теориялық талдау жасалды. Еліміздегі және шетелдердегі зерттеулерге сүйене отырып, эмоциялық интеллектінің адам өміріндегі орны, оқу және кәсіби әрекетіне әсері мен жетістікке жету құралы ретінде сипатталынады. Мақалада жоғары білім беру жүйесіндегі оқыту технологияларында эмоциялық интеллектіні негізге ала отырып, білім беруде, академиялық жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндіктері пайымдалады. Студенттердегі эмоциялық интеллект олардың мақсатқа бағдарлануына, оқу белсенділігінің артуына, академиялық үлгерімінің жоғарылауына, оқу және кәсіби даму барысында жетістікке жетуге деген ынта-ықыласының артуына себеп болатыны дәйектеледі. Сондай-ақ теориялық зерттеу нәтижелерін талдау негізінде «эмоциялық интеллектінің адам өміріндегі тұлғалық және кәсіби жетістіктерімен байланыстылығын» көрсететін авторлық модель ұсынылады. Арнайы эксперименттік зерттеуде Д.В. Люсиннің «Эмоциялық интеллект» сауалнамасы және С.А. Пакулинаның «ЖОО-да студенттердің жетістікке жету мотивациясы» әдістемесі алынды. Зерттеуге 130 студент қатысты. Эксперимент нәтижелері негізінде студенттердің эмоциялық интеллектісі олардың жетістікке жету мотивациясымен байланысы, академиялық үлгерімі көрсеткіштерімен байланысты дәйектеледі. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқыту барысында есепке алу арқылы студенттердің жетістікке жету мотивациясын жоғарылату мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.