Қазақстандағы жоғары білім жүйесі тұрақты дамуға бағытталған ба? Ұлттық және институционалды саясатты талдау


Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

Кілт сөздер:

Тұрақты даму мүддесінде білім беру (ТДМББ), білім беру саясаты, Қазақстан, сапалы мазмұндық талдау, ұлттық саясат, институционалдық саясат.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақала мазмұнды талдау әдісін қолдану арқылы Қазақстандағы білім беру саясатындағы ұлттық және институционалдық деңгейдегі бағдарламалық құжаттардағы тұрақты даму мүддесінде білім беру (ТДМББ) тұжырымдамасын зерттейді. Мемлекеттік және жеке университеттер арасында тұрақты дамуға деген ұмтылыста айқын қарама-қайшылықтар анықталды. Еркіндігі жоғары жеке университеттер өздерінің тұрақты даму бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруға бейім екенін көрсетті. Жалпы зерттеу нәтижесінде ұлттық және институционалдық саясатта ТДМББ принциптері ішінара ғана қамтитыны анықталды, яғни белсенді азаматты дайындау, өмір бойы білім алу, салауатты өмір салты және студенттік өзін-өзі басқару сияқты элементтерді ішінара ғана қамтыған. Осылайша, Қазақстанның БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) ұлттық деңгейде түрлі сала тарапынан қаралғанымен, ел білім беру арқылы, әсіресе университет деңгейінде тұрақты даму тұжырымдамасын интеграциялаудың ұтымды тәсіліне баса назар аудармайтыны анықталды. Бұл халықаралық дискурста айтылып жатқандай тұрақтылық тұжырымдамалары мен ТДМББ әлі де толық дамымаған үдеріс үстіндегі құбылыс екенін білдіреді. Қазақстан контекстіндегі бұл көрініс ТДМББ-ді енгізуде неғұрлым жан-жақты және жүйелі әдістің қажеттілігін айқындайды. ТДМББ ел тәжірибесінде іске асуы туралы түсінік алу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ғафу, Г., Терлікбаева , Н., & Жансеитова A. (2024). Қазақстандағы жоғары білім жүйесі тұрақты дамуға бағытталған ба? Ұлттық және институционалды саясатты талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 259–281. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/792

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика