ЖОО студенттерінің өмір сүру дағдысына және кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдылар туралы түсініктерінің нақты жағдайы (кәсіпкерлік дағдылар негізінде)
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
дағды, шеберлік, кәсіпкерлік дағдылар, кәсіби белсенділік, кәсіби дағдыларАңдатпа
Мақала жоғары оқу орындарының студенттерінің өмір сүру белсенділігіне және кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдылары туралы түсініктері мен идеяларын зерттеуге арналған (кәсіпкерлік дағдыларды негізге ала отырып).
Бұл зерттеудің өзектілігі жаңа талаптар қоятын қазіргі қоғам мен еңбек нарығы жағдайында жоғары оқу орындарының студенттерінің табысты өмір сүруі мен кәсіби қызметі үшін қандай дағдыларды меңгеру қажет екенін түсіну дәрежесін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу мақсаты: жоғары оқу орындарының студенттерінің адам өміріне және кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдыларды қабылдауының нақты жағдайын анықтау (кәсіпкерлік дағдыларды негізге ала отырып).
Осы мақаладағы зерттеу нәтижелерін алу үшін студенттерге сауалнама әдісі қолданылды.
Мақалада Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттерімен жоғары оқу орындарының студенттерінің өмірлік белсенділік және кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдылар туралы түсініктері мен идеяларын зерттеу мақсатында жүргізілген анықтау экспериментінің нәтижелері берілген.
Зерттеуді жүргізу тәртібі, сондай-ақ студенттер сауалнамасының нәтижелерін талдау сипатталған.
Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы – жоғары оқу орындарының студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола алады, сол арқылы болашақ мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.