Магистранттардың білім деңгейін өзіндік жұмыстарды Блум таксономиясымен ұйымдастыру арқылы дамыту
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 140
Кілт сөздер:
Блум таксономиясы, танымдық үрдіс, органикалық химия, өзіндік жұмыс, тұлғаға бағдарлап оқытуАңдатпа
Мақалада қазіргі білім беру парадигмасының өзекті мәселелерінің бірі – магистранттардың танымдық қызметін қалыптастыру жолдары өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін жаңарту арқылы зерттелген. Мақала Абай атындағы ҚазҰПУ, Химия кафедрасында соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстары нәтижелері негізінде жазылған.
«Заманауи органикалық химияның қолданбалы аспектілері» арнайы курсы бойынша
«7М05301-Химия» мамандығы магистранттарының өзіндік жұмыстарын Блум
таксономиясы бойынша ұйымдастыру әдістемесі жасалды. Оқу бағдарламасында
көрсетілген оқу мақсаттарына сәйкес болашақ мамандардың логикалық және
алгоритмдік ойлауын қалыптастыру мақсатында пән бойынша өзіндік жұмыстар
ауызша есеп, конспект, есеп, жеке тапсырма және қорытынды реферат түрінде
жасалған. Тапсырмалар білімнің төменгі деңгейінен бастап ең жоғарғы деңгейіне
жүйелі жету үшін біртіндеп күрделендіре отырып берілген. Білім алушыларда
тапсырмаларды ретімен орындау барысында берілген оқу материалын қабылдауда
біртұтастыұ көзқарас пайда болады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, химияны жоғары мектепте оқытуда магистранттардың
өзіндік жұмыстарын Блум таксономиясы бойынша ұйымдастырудың тиімділігі
анықталды. Педагогикалық тәжірибе білім алушылардың құзыреттілігі мен
іскерлігін шынайы қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастыруға жағдай жасайтындығы
көрсетілген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.