Коммуникативті және когнитивті құзыреттілікті қалыптастыру процесіндегі цифрландырудың маңызы


Қаралымдар: 116 / PDF жүктеулері: 143

Авторлар

Кілт сөздер:

Flipped Classroom; онлайн-ресурс; онлайн-платформа; аудиоматериал; видеоматериал; практикалық жұмыс.

Аңдатпа

Аталмыш мақала білім алушылардың сабақ материалдарын терең меңгеруіне көмектесетін Flipped Сlassroom  технологиясының шығу тарихы мен мәнін сипаттауды, технологияның білім беру орындарында қолданылу ерекшелігі мен сипаттамаларын зерттеуді және оны қазақстандық оқу орындарында қолдануға идеялар ұсынуды көздейді. Мақала Flipped Classroom технологиясының оқыту процесінде қолданылуының жан-жақты аспектілерін біршама ресейлік ғалымдардың еңбектеріне шолу арқылы терең қарастырады. Flipped Сlassroom  технологиясының қолданылу ерекшеліктерін зерделеу барысында аталмыш технологияға негізделген біршама сабақ өту әдістеріне, практикалық жұмыстарды орындау  барысындағы мұғалім-оқушы коммуникациясы процестерін жүргізу тәсілдеріне әртүрлі деңгейде шолу жасалды. Flipped Classroom технологиясы көмегімен сабақ өткізудің ерекшеліктеріне талдау жүргізіліп, ол әдістерді отандық мектептерде қолдану үшін түрлі идеялар қарастырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, Flipped Classroom  технологиясын терең қолданудың көмегімен оқушылардың теориялық материалдарды игеруі мен практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын еш қиындықсыз орындауына жағдай жасалатындығы анықталды. Түрлі жүргізілген тәжірибелерді зерттеу барысында, технологияны қазақстандық орта білім беру орындарында қолданудың тиімді болатындығы анықталды. Осы себепті Flipped Classroom  технологиясы көмегімен сабақты қызықты әрі түсінікті етіп өткізуге, оқушы мен мұғалімнің уақытын үнемдеуге, оқушылардың меңгерген ақпаратты тәжірибе жүзінде шыңдай білуіне жаңа ұсыныстар әзірленді. 

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ризаходжаева, Г., & Нұрмағанбетқызы, Н. (2023). Коммуникативті және когнитивті құзыреттілікті қалыптастыру процесіндегі цифрландырудың маңызы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 192–206. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/99

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика