Кәсіби даярлау жағдайында білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру моделі
Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, ЖОО студенттері, кәсіптік оқыту, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру үлгісіАңдатпа
Мақалада кәсіби дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру процесі қарастырылған (Батыс Қазақстандағы аймақтық университет мысалында). Зерттеудің мақсаты – кәсіптік оқыту жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру моделін теориялық негіздеу, қалыптасу деңгейін анықтау және дамыту. «Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі талданды, оның құрылымының құрамдас бөліктері айқындалды. Шетелдік ғалымдар J.C.R. Sousa, F. Rosati, L. Jaejin S.L. Davis және басқалар зерттеулерді талдау негізінде осы құбылыстың генезисін ұсынды. Кәсіби
дайындық жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру деңгейлері негізделген: интуитивтік, репродуктивті, белсенді. Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру деңгейін диагностикалау бағдарламасы ұсынылған. Диагностикалық нәтижелер М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың интуитивті-репродуктивті деңгейлерін анықтады. Кәсіптік оқыту жағдайында студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін
қалыптастыру моделі әзірленді.






