Шетел тілін оқытуда реалия қолданудың тиімділігі


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Д.Д. Абулгазинова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д.К. Курманаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

реалия, нақты объектілер, көрнекі материалдар, шетел тілдері, мәдениет, шет тілдерін оқыту

Аңдатпа

Қазіргі әлемде шет тілдерін білу тұлғааралық қатынас құралы болып табылады, шетел тілі мәдениетімен таныстырады, халықтарды біріктіреді, экономикалық және әлеуметтік прогреске ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, шетел тілі сабақтарында реалияны пайдалану мәдениетаралық байланысты жүзеге асыруға қажетті лингвистикалық және әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейіне жетудің алғышарты болып табылады.
Мақала студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту үшін реалияны қолданудың тиімділігіне арналған. Мақаланың мақсаты - студенттерге шет тілі сабағында реалияның қаншалықты тиімді құрал екендігін анықтау. Авторлар нақты объектілерді пайдаланудың маңыздылығын және олардың оқытуда мұғалімдерге қалай көмектесетінін, сонымен қатар студенттерге шет тілін неғұрлым нәтижелі меңгеруіне көмектесетіндігін атап көрсетеді. Осы мақсатта мақалада реалияның оқу процесінде алатын орны, тілді оқытуда реалияның қолдану себептері мен өлшемдері сипатталған.
Бұдан әрі авторлар шетел тілі сабақтарында реалияны қолдану үшін тиімді әдістер мен сипаттамаларды қарастырады. Соңында, мақалада шет тілін меңгерудің бастапқы деңгейіне ие екі топтың зерттеуі келтірілген. Зерттеу нәтижелері реалия көмегімен оқыған топ нақты заттарды оқу процесінде пайдаланбаған топқа қарағанда жақсы нәтиже көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абулгазинова D. ., & Курманаева D. . (2023). Шетел тілін оқытуда реалия қолданудың тиімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 141–148. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1566

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика