Жұбайлардың жас айырмашылығының ерлі-зайыптылық конфликт себептеріне әсері
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Отбасылық қақтығыстар, ерлі-зайыптылардың өзара әрекеттестігі, әл-ауқат, қақтығыстарды анықтау, жасы, мінез-құлық стратегияларыАңдатпа
Мақалада отандық психологиядағы ерлі-зайыптылардың қатынастарының тұрақталу мәселесін зерттеуге байланысты талдау жасалынған. Заманауи отбасындағы ерлі-зайыптылардың өзара әрекеттесу сипаты мен отбасылық өмірлік іс-әрекеттерге әсер ететін факторларды зерттеудің өзектілігі көрсетіледі. Автор отбасылық қақтығыстарды тудыратын негізгі факторларға мыналарды жатқызады: ерлізайыптылардың ұлты, некеде тұру мерзімі, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы айырмашылық, жас ерекшелігі және кәсіби еңбек саласы. Мақалада жас айырмашылықтары бар ерлізайыптылар арасындағы қарым-қатынастың мінез-құлыққа тәуелдігін зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Жасы бойынша айырмашылықтары бар жұбайлар мен қатарлас-жастағы ерлі-зайыптылардың конфликтогенді саласы эмпирикалық тұрғыда анықталды. Жас ерекшеліктері бойынша айырмашылықтары бар және айырмашылықтары жоқ ерлі-зайыптылардың конфликт жағдайындағы мінез-құлық стратегиясында елеулі айырмашылықтар болатындығын көрсетеді. Әртүрлі типтегі отбасыларындағы мінез-құлық стратегиялары мен конфликт себептеріне корреляциялық талдау нәтижелері келтірілген.






