Тұлғаның виртуалды өзін-өзі жүзеге асыру психологиясы
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
виртуалды тұлға, цифрлық сәйкестік, тұлға, Мен-бейне, Интернет, виртуалАңдатпа
Мақалада қазіргі цифрлық әлемде өзекті болып табылатын құбылыс – адамның виртуалды
ортада өзара әрекеттесу үшін жасаған «виртуалды тұлға» феномені мәселелері қарастырылған. Авторлар адамның виртуалды идентификациясы құрылатын бірнеше тұжырымдамалық негіздерді қарастырады. Мақаланың негізгі бөлімінде виртуалды тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған эксперименталды зерттеу нәтижелері және қалыптасқан, шығармашылық адамдарға виртуалды әрекет процесінде өзін-өзі жүзеге асыру қажеттіліктерінің себептері көрсетілген. Респонденттер - Интернетте өз өнімдерін жүйелі түрде жариялайтын суретшілер мен ақындар. Виртуалды тұлғалар тобына 25-36 жас аралығындағы 30 ерлер мен әйелдер кірді. Бақылау тобы да 30 адамнан құралды. Зерттеу үшін жеке психологиялық және тұлғалық қасиеттерді зерттеуге бағытталған әдістер қолданылды, мысалы: Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу әдісі, Вассерманның әлеуметтік фрустрациялығы деңгейін диагностикалау әдісі, қатаңдықты өлшеу әдісі, Айзенктің психикалық күйді өзін-өзі бағалаудың диагностикалау әдісі, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін диагностикалау әдісі (Маслоу тесті). Алынған мәліметтердің талдауы ұсынылып, зерттеудің қорытындылары тұжырымдалып, «виртуалды тұлғаны» одан әрі эксперименттік зерттеудің негізгі мәселелері айқындалады.






