Психикалық дамуы тежелген балаларды әлеуметтендіру тетіктері мен әдістері
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
әлеуметтену, тетіктер,психикалық дамуы тежелген балалар, дидактикалық ойындар, эмоционалды интеллект, эмоционалды лексика, тұлғааралық қарым-қатынас, рөлдік ойынАңдатпа
Қазіргі еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарына барлық балалардың сапалы білім алу құқықтарының теңдігі жатады. Ал, сапалы білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін алғышарт – инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім берудің заманауи міндеті психофизиологиялық, интеллектуалды дамуды және жеке-дара жас ерекшеліктерді ескере отырып, халықтың барлық деңгейін тең білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мақала ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың тобының ішіндегіпсихикалық дамуы тежелген балаларды
әлеуметтендіру тетіктерін анықтауға арналған. Психикалық дамуы тежелген балалардың эмоцияларын қалыптастыру үшін мақалада рөлдік, дидактикалық және театр ойындарын қолдану әдістері сипатталған.
Зерттеу барысында мынадай нәтижелер алынды: психикалық дамуы тежелген балалар тобы анықталды; ойын әдісі мен әлеуметтену тетіктерін қолдану әдісінің тиімділігін тексеру үшін психикалық дамуы тежелген балалар тобы таңдалды. Балалардың осы тобымен жұмыс олардың эмоционалды интеллектісін дамыту арқылы психикалық дамуы тежелген балаларды әлеуметтендіру мүмкіндігі, тұлғааралық оқыту жағдайларына қатысу мүмкіндігі, рөлдік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі
туралы гипотезаны тексеру мақсатында жүргізілді.
Психикалық дамуы тежелген балалардың эмоционалды интеллектісінің дамуы, тұлға аралық қарым - қатынас процесінде қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, «жақсы» және «жаман»үлгілерді, рөлдік аспектілерді пайдалана отырып дамыту арқылы қоғамға ену,әлеуметтік бейімделу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды.






