С.А. Будасси әдісі арқылы студенттердің «Мен» концепциясын зерттеу


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 6

Авторлар

  • Қ.Қ. Шалғынбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Б.А. Матаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

«Мен» концепциясы, С.А. Будасси әдісі, өзін-өзі бағалау, өздік сана, өзіне қатынас

Аңдатпа

Кәсіби қалыптасу саласындағы заманауи психологиялық - педагогикалық
зерттеулер болашақ маманның құзыретті және табысты тұлғасын қалыптастыруға бағытталған. Қоғамның құбылмалы өзгерістері зерттеушіден диагностикалық құралдарды жаңартып немесе модификациялауды және зерттеудің жаңа психологиялық - педагогикалық заңдылықтарын анықтайтын жұмыс формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Кәсіби даярлау жағдайында болашақ педагог - психологтың жеке
басының тұрғысынан «Мен» концепциясын диагностикалау және сипаттау мәселесі ерекше қызығушылық тудырады. Осыған орай, мақалада «Мен» концепциясын зерттеу тарихы және жоғары мектептің психологиялық - педагогикалық мәселесі ретінде кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастыру процесі қарастырылды. Сондай-ақ, С.А. Будассидің «Тұлғаның өзін-өзі бағалауы» әдістемесінің көмегімен студенттердің кәсіби даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеудің ерекшеліктері және оның зерттеу мүмкіндіктері, модификациялардың жіктелуі және түсіндіру әдістері ашылады. Іріктемені Павлодар педагогикалық университетінің және С. Торайғыровтың атындағы университеттің «Педагогика және психология» мамандығының 237 студенті кірді. Сыналушылар жасы 17-ден 23-ке дейін, әр түрлі курс студенттері. Студенттер эксперименттік және бақылау зерттеу топтарына бөлінді. Математикалық-статистикалық өңдеу нәтижелері SPSS Statistics 21 бағдарламалық жасақтамасының көмегімен алынды. Алынған нәтижелер студенттердің кәсіби даярлау жағдайындағы «Мен» концепциясын зерттеудегі қол жетімділік пен валидтілік туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шалғынбаева, Қ. ., & Матаев, Б. . (2023). С.А. Будасси әдісі арқылы студенттердің «Мен» концепциясын зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 274–282. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1741

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)