Жалпы орта білім беретін оқу орындарында химия пәнін оқытуда CLIL технологиясын қолдану


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • А.К. Сапакова Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет
  • С.М. Дюсембекова Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет

Кілт сөздер:

CLIL оқыту технологиясы, химия пәні, жаңартылған бағдарлама, терминология

Аңдатпа

Бұл мақалада жалпы орта білім беру ұйымдарында химия пәнін CLIL оқыту технологиясы арқылы білім берудің қиындығы мен тиімділігі қарастырылған. CLIL оқыту технологиясының мазмұны мен мүмкіндіктері зерттелді. Заман талабына сай білім алушы мен оқытушының қажеттіліктері мен дағдылары үздіксіз жаңарып отыруды қажет етеді. Сол себепті бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде заманауи білім беру жүйесінің алдында маңызды міндеттер жүктелді. CLIL оқыту технологиясы жалпы орта білім беру мекемелерінде жаратылыстану бағытындағы пәндерді, соның ішінде химия пәнін ағылшын тілінде жүргізуде өзіндік қиындықтарға ие екені белгілі болды. Қазіргі кезде адамның қажеттіліктері мен дағдыларын үнемі жаңартып отыру қажет.
Сондықтан жоғары білікті, кәсіби маманданған, бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны дайындау қажеттігі туындады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді, оның ішінде химия пәнін CLIL технологиясы арқылы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін, сабақ беру барысында түсіндік. Химия пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқытудың ерекшеліктері де сараланған. Салыстырмалы түрде үш топта өткізген сабақ барысы бойынша білім алушылардың білім сапасы анықталып сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сапакова, А. ., & Дюсембекова, С. . (2023). Жалпы орта білім беретін оқу орындарында химия пәнін оқытуда CLIL технологиясын қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 400–407. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1593

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика