Жалпы орта білім беретін оқу орындарында химия пәнін оқытуда CLIL технологиясын қолдану
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
CLIL оқыту технологиясы, химия пәні, жаңартылған бағдарлама, терминологияАңдатпа
Бұл мақалада жалпы орта білім беру ұйымдарында химия пәнін CLIL оқыту технологиясы арқылы білім берудің қиындығы мен тиімділігі қарастырылған. CLIL оқыту технологиясының мазмұны мен мүмкіндіктері зерттелді. Заман талабына сай білім алушы мен оқытушының қажеттіліктері мен дағдылары үздіксіз жаңарып отыруды қажет етеді. Сол себепті бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде заманауи білім беру жүйесінің алдында маңызды міндеттер жүктелді. CLIL оқыту технологиясы жалпы орта білім беру мекемелерінде жаратылыстану бағытындағы пәндерді, соның ішінде химия пәнін ағылшын тілінде жүргізуде өзіндік қиындықтарға ие екені белгілі болды. Қазіргі кезде адамның қажеттіліктері мен дағдыларын үнемі жаңартып отыру қажет.
Сондықтан жоғары білікті, кәсіби маманданған, бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны дайындау қажеттігі туындады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді, оның ішінде химия пәнін CLIL технологиясы арқылы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін, сабақ беру барысында түсіндік. Химия пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқытудың ерекшеліктері де сараланған. Салыстырмалы түрде үш топта өткізген сабақ барысы бойынша білім алушылардың білім сапасы анықталып сараланды.






