CLIL мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
пәндік-тілдік біріктірілген оқыту, CLIL, педагог, құзыреттілікАңдатпа
Мақалада пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесін пайдалана отырып, педагогтарды шет тілінде тілдік емес пәндерді оқытуға даярлау мәселесі қарастырылады. Бұл проблеманың өзектілігі, бір жағынан, Қазақстанда оқытуға деген осы тәсілдің өсіп келе жатқан танымалдылығына және екінші
жағынан, осы әдістемені практикада іске асыруға дайын педагогтарды даярлау жүйесінің іс жүзінде толық болмауына байланысты болып тұр. Пәндік-тілдік интеграцияланған оқытудың педагогы орындайтын негізгі функцияларды анықтауға, пәндік-тілдік интеграцияланған оқытудың педагогының кәсіби портретін қалыптастыру үшін оның құзыреттерінің негізгі бағыттарын анықтауға ерекше назар аударылады. Нәтижесінде авторлар CLIL-педагогтардың құзыреттілік тізбесін және оқытуды жоспарлау кезінде қабылдауға тиісті шараларды анықтайды.






