Деңгейлеп саралау оқыту білімалушыларға тұлғалық-бағдарлы білім берудің негізі ретінде
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
студент, деңгейлеп саралап оқыту, модель, тренинг, деңгей, технологияАңдатпа
Мақалада заманауи білім беру кеңістігі аясында шет тілдерін оқытудың тиімді әдістерінің бірі ретінде ‒ студенттердің қабілеттерін, қызығушылықтары мен білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалын игеру көлемі мен тереңдігін таңдауға мүмкіндік беретін деңгейлеп саралап оқыту технологиясы («Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы негізінде) қарастырылады. Мақаланың «кіріспе бөлімі» Қазақстандағы шет тілдік білім берудің жай-күйі мен даму перспективаларын
сипаттайды. Мақаланың «пікірталас» бөлігінде деңгейлік саралау технологиясы арқылы жеке тұлғаға бағытталған, құзыреттілік тәсілді іске асыруға байланысты идеялар қарастырылды.
Деңгейлеп саралап оқыту идеясы студенттердің белгілі бір білім беру сатыларынан өтуі, әрі қосымша өздік жұмыс бөлімін игеруі арқылы жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған модельде әр студенттің шет тілін игеру деңгейі, жеке ерекшеліктері мен білім қажеттіліктері ескеріледі.






