Экодизайнды дамытудағы жаңа тәсілдер
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
эко-дизайн, жаңа тәсілдер, дизайн, құру, қолдану, өңдеуАңдатпа
Бұл мақалада өнімді пайдалану қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян емес екенің және де эко-өнім екенін есте сақтау, қалдықтарды барынша азайту; салауатты орта құру; жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту. Зерттеу барысында Эко-дизайн, өмірлік циклды бағалау, қоршаған ортаны, тұрақтылық, ластану, жаңартылу - инновациялық ойлауды қажет ететін проблемаларды зерттеу. Пластикалық ресурстарды, жаңартылатын көздерді, энергияны үнемдеуге, қоршаған ортаны ластауға және көміртегі шығарындыларын азайтуға, қайта өңдеуге, түпкілікті шығындарды оңтайландыруға, қайта өңделген пластикті жөндеу және пайдалану керек. Энергияны, ресурстарды және ластануды үнемдейді, бірақ сонымен бірге техникалық талаптарға және белгілі бір ережелерге сәйкес келу үшін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Экодизайнның философия мен экологиямен қатынасы тікелей байланысты. Зерттеп отырған тақы рыбымыз экодизайн болғандықтан оның тікелей байланысы онсызда түсінікті, ал философиялық жағын айтатын болсақ, табиғат сұлулығын, оның айналасындағы құбылыстарды түсінудің өзі философиялық ой мен түсінікті қажет етеді. Яғни, философиялық көзқарас арқылы адамзат өзін табиғатпен етене байланысын түсініп, экологиялық мәдениеттің қалыптастыруға итермелейді.
Экодизайн - адамға жайлы, әрі ыңғайлы, әрі үйлесімді болатын қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудартатын дизайндағы және сәулеттегі ағым. Әдемі және ыңғайлылығы ғана емес, сонымен қатар жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде қолданылатын материалдардың сипаттамасы. Сонымен, экодизайн адам тұрған жерді табиғатпен байланыстырады және қоршаған ортамен оңтайлы үйлестірілген адам жаратылысындағы ішкі көріністі береді. Адам «экологиялық» жайда өзін жақсы сезініп, экодизайн немесе табиғат сипатындағы табиғи материалдар мен түсті дұрыс құрастыруға бет алады.






