Спорттағы бойтұмарларды қолданудағы заманауи брендинг


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • Т.К. Самуратова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Д.А. Дунайская Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

бренд, бойтұмарлар, антроморфизм, тотемизм, спорттық іс-шаралар

Аңдатпа

Бұл мақалада спорттық іс-шараларда бойтұмарлар қолданудың өзектілігіне кешенді талдау жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты бойтұмарлардың мәдени және коммерциялық компоненттің тасымалдаушысы ретіндегі маңыздылығын анықтау, бойтұмар бейнеленген атрибуттарға сұранысты
бағалау болып табылады. Тұмардың тотем ретіндегі тарихи маңызы ашылады. Мәселені қарастыру үшін зерттеу тақырыбына қызығушылықты анықтауға бағытталған аралас зерттеу әдісінің ең тиімді нұсқасы таңдалды. Бойтұмарлардың түрлері, олардың өнімді сатудан түскен кірістері, бойтұмарды жасаудың дұрыс құрылған жүйесі қарастырылған. Жүргізілген зерттеу негізінде төмендегі міндеттер анықталды: бойтұмарларға деген қызығушылық; атрибуттардың сатып алу деңгейі, оның таралу проблемасы туралы; спорттық іс-шараларға қатысу; спорттық команда үшін маскот қажеттілігі және оның көпшілік үшін маңызы; спорттық іс-шаралар кезінде бойтұмарлардың психологиялық және эмоционалдық адамдарға әсер етуі. Бойтұмарлардың елімізде таралуындағы салыстырмалы кемшіліктер де қарастырылды. Қорытынды ретінде, автор мәдени және коммерциялық құндылықтарды, спорттық іс-шараларды енгізу мақсатында бойтұмарларды жасауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Самуратова, Т. ., & Дунайская, Д. . (2024). Спорттағы бойтұмарларды қолданудағы заманауи брендинг. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 134(1), 194–205. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1768

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)