Дизайн негіздерін оқыту үрдісіндегі халық өнерінің дәстүрлері


Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 9

Авторлар

  • Т.К. Самуратова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

дәстүр, сәндік-қолданбалы өнер, дизайнерлік білім, оқыту үрдісі, халық өнерінің дәстүрлері

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы заманауи дизайнерлік білім беруде сәндік - қолданбалы өнерді оқыту мен заманауи дизайндағы халықтық өнер дәстүрлерін жаңғырту мәселелері қарастырылады. Авторлар ғалымдар еңбектеріндегі сәндік -қолданбалы өнердің дамуы мен оларға заманауи дизайндағы жаңа тәсілдері мен теориялық көзқарастарын салыстырады. Мақалада дәстүрлі халық қолөнерін тереңірек зеттеп, болашақ ұрпаққа дәстүрлерді жеткізуге мүмкіндік беретін үрдіс талданған. Білім алушыларға негізгі пәндерді оқыту мәселесінің маңыздылығы көрсетілген. Мақалада ұрпақтан-ұрпаққа берілетін сәндік-қолданбалы өнердің өткен тарихи мәдениет пен қазіргі әлемді біріктіруге мүмкіндік беретін іргелі бағыт екенін көрсетеді. Дизайн негіздеріне сызу, кескіндеме, композиция, сызба, техникалық графика, көркемдік дизайн, модельдеу, эргономика, өнертану және басқа пәндерде халық өнерінің дәстүрлерін оқыту қамтамасыз етілген. Заманауи талаптарды ескере отырып, білім алушылардың дайындығын күшейту, жетілдіру олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық және жобалық әрекеттер дағдыларына ықпал етеді. Дизайнер-педагог үшін ең бастысы қолөнері дәстүрлеріне шығармашылық көзқарас қалыптастрып, қазіргі заман тұрғысынан түсіндіру.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Самуратова, Т. . (2023). Дизайн негіздерін оқыту үрдісіндегі халық өнерінің дәстүрлері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 303–311. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1460

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика