«Қарағанды медицина университетінде» КеАҚ шет тілін оқытудағы қашықтықтан оқыту құралдары және оларды қолдану тәжірибесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
қашықтықтан оқыту, шет тілі, құралдары, артықшылықтары, кемшіліктеріАңдатпа
Мақалада шет тілін қашықтықтан оқыту құралдары туралы өзекті тақырып ашылады. КЕАҚ «Қарағанды медицина университетінің» шет тілі оқытушылары пайдаланатын құралдар қарастырылған. Мақсатына сәйкес қашықтықтан оқыту құралдары келесі категорияларға бөлінеді: онлайн
сабақтар, тестілеу, студенттердің жеке жұмысы бойынша тапсырмаларды жүктеу, студенттермен жеке және топта қарым-қатынас жасау, жазбаша емтихандар. Оларды қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, ұсынылған құралдардың әрқайсысының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері келтірілген. Ағылшын тілі мұғалімдері қашықтықтан қолданған оқыту құралдарына студенттердің қанағаттанушылық дәрежесін анықтау және қашықтықтан оқыту кезінде студенттер қандай қиындықтарға тап болгандарын көру үшін сауалнама жүргізді. Көбінесе бұл форматты ыңғайлы деп санаса да, сонымен бірге проблемалар да анықталды.






