CLIL технологиясының оқытуда іске асырылуы және мұғалімнің CLIL-ге дайындығы


Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • Л.Е. Егизбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • С.С. Сейтенова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • М.К. Жазыкова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

CLIL технологиясын іске асыру, CLIL-ге мұғалімдерді даярлау, CLIL технологиясын зерттеу, бастауыш білім, оқыту әдістері

Аңдатпа

Мақалада оқу процесіне (бастауыш және орта білім беру) пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) тәсілін енгізу және мұғалімнің CLIL-ге дайындығы, оның алдағы уақытта дамуын жақсарту мақсатында бірнеше әрекеттерді ұсыну мәселелері қарастырылған. Сабақ барысында CLIL тәсілін қолдану бастауыш сынып оқушыларының көптілділік пен көп мәдениеттілікке құзыреттіліктерін дамытады. Қазіргі кезде Қазақстанда CLIL шетел тілін сыныпта оқытуды кеңінен қолдана бастады, бірақ оны оқыту процесінде қолдану оңай емес және оны қолдану үлкен мәселе болып отыр. CLIL аудиториясында мұғалім шет тілі арқылы пән бойынша білімдегі жетістіктерді анықтау барысында маңызды рөл ойнайды, сондықтан мұғалімдер жоғары оқу орнында CLIL әдістемесі бойынша оқытылуы және біліктілігі болуы керек, бірақ ағылшын тілін нашар білетіндіктен бұл қазіргі әлемде үлкен проблема болып табылады.
Мақалада осы проблеманы зерттеген ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, біз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогика факультетіндегі CLIL арқылы көптілділікті жақсарту туралы өзіміздің бірнешеой - тқжырымдарымызды ұсындық. 

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Егизбаева L. ., Сейтенова S. ., & Жазыкова M. . (2024). CLIL технологиясының оқытуда іске асырылуы және мұғалімнің CLIL-ге дайындығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 134(1), 43–51. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1752

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика