Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мұғалімнің кәсіби креативтік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
парадигма, білім берудің жаңа парадигмасы, құзыреттілік, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, шығармашылық, креативтік, креативтік құзыреттілік, мұғалімге арналған модульдерАңдатпа
Мақалада қазіргі оқытудың жаңа парадигмасы жағдайындағы педагогтың
кәсіби креативтік құзыреттілігі мәселесі қарастырылған. Автор өз зерттеуінде «парадигма», «білім беру парадигмасы», «құзыреттілік», «педагогтың кәсіби құзыреттілігі»,
«шығармашылық», «креативтік», «креативтік құзыреттілік» терминдеріне отандық
және шетелдік ғалымдар тарапынан берілген анықтамаларды талдай отырып, бүгінгі
білім беруді модернизациялау жағдайында педагогтың креативтік құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін жасаудың өзектілігін атап көрсетеді.
Оқытудың жаңа парадигмасы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға
бағытталатынын ескерте отырып, автор оны жүзеге асыру кәсіби тұрғыдан жетілген,
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын терең меңгерген креативтік мұғалімге
жүктеледі деп есептейді. Сөйтіп, өз жұмысының соңында зерттеуші оқушының тұлға
ретінде өмірлік маңызды сапалық қасиеттерінің қалыптасуы мұғалімнің креативтік
құзыреттілігіне тікелей байланысты деген қорытынды жасайды.






