Креативтік ойлауды дамытудағы когнитивтік функциялардың өзара байланысы
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
креативтік ойлау, когнитивтік функциялар, қабылдау, зейін, ес, қиял, ырықсыздық, мәнділікАңдатпа
Мақалада креативті ойлай алатын тұлғаны қалыптастыру үшін оның
когнитивтік қабілетін бүгінгі күннің талабына сай дамыту қажеттілігі қарастырылады. Қабылдау, түйсік, зейін, ес, қиял, сөйлеу сияқты когнитивтік функциялар жеке-жеке қарастырылып, олардың креативтік ойлауды дамытудағы маңызы талданады. Бүгінгі таңда адамдардың когнитивтік функцияларының әлсіреуі олардың креативтік ойлау қабілетінің дамуына бірден-бір кедергі болып отыр. Негізгі мақсат аталған когнитивтік функциялардың адам бойында дамымай жатқан кем тұстарын сараптау,
себептерін анықтау және оларды дамытуға қатысты ұсыныстар беру. Когнитивтік процестердің ойлаумен бірге біте қайнасып жатқан тұтас бір құрылым ретінде жұмыс істейтініні көрсетіледі. Когнитивтік функциялардың имплициттілік, мәнділік, сұрыптылық және тәуелділік тұстары анықталады. Оқу орындарында оқушылар мен студенттерді тек пәнге емес, ең бастысы, тыңдай білуге, есте сақтауға, зейінді шоғырландыруға, проблемаларды шеше білуге үйрету идеясы ұсынылады.






