Студенттерді оқытуда оқу құралының тиімділігі
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
студент, оқу құралы, коммуникативті қарым-қатынас, оқу материалы, тілді меңгеру, студенттерді үйрету, кәсіби құзырет, экспериментАңдатпа
Бұл мақалада ағылшын тілін оқытуда оқу құралын пайдалану жолдары қарастырылды. Оқу құралы – бұл оқытушылар мен мұғалімдерге сабақ беруді жақсартуға көмектесетін сабақ материалдары. Оқу құралдарын жасауда шетел ғалымдардың еңбектері талданды. 1 курс студенттері арасында оқу құралдарын тиімді пайдалана алады ма? - деген сұрақ басшылыққа алынып, осы сұрақты дұрыс анықтау үшін, эксперимент жүргізілді. Оқытушы-профессорлар өздерінің прагматикалық іскерліктерін ұдайы ширату үдерісінде мектеппен байланысын жалғастырып, білім мазмұнын меңгеруіне, оқыту үдерісіне қосылған ғылыми үлестерін нысанаға алу жұмыстың нәтижеге бағдарлануын қамтамасыз етеді. Студенттерге өздік жұмыстарды орындауға арналған тапсырмаларды таңдау құқығы берілді, бұл оқу үдерісін дараландыруға және саралауға мүмкіндік берді. Жүргізілген сауалнама студенттердің өздік жұмыс істеуге деген көзқарасы оң жағына өзгергенін көрсетті.






