ҚР жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың практикалық бағдарланған дайындығының мәселелері және келешегі
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
жоғары білім беру, болашақ педагогтар, практикалық бағдарланған оқыту, практикаға бағытталған оқу әдістерАңдатпа
Бұл мақала болашақ педагогтарды даярлау кезінде қазақстандық жоғары оқу орындарында практикаға бағытталған оқуды жүзеге асырудың негізгі проблемаларын айқындайды және олардың ықтимал шешілу жолдарын ұсынады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үлгісінде «Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология», «Шетел тілі: екі шетел тілі» педагогикалық даярлау бағыттарының практикаға бағдарлануын анықтау үшін білім беру бағдарламалары талқыланды. Авторлар білікті кадрларды даярлау және қолайлы педагогикалық жағдай жасау үшін жоғары оқу орнында практикалық қызметке бөлінетін кредиттердің санын көбейту, теориялық және практикалық материалдар көлемінің арақатынасы мен бөлінуіне білім беру бағдарламаларын тексеру, өзекті оқу материалдарының негізінде инновациялық оқу тәсілдерін пайдалану, құзыреттілік әдісті қолдану және еңбек нарығының қажеттіліктерін зерделеу қажет деген қорытындыға келді.






