Жалпы орта мектептегі жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу мен болдырмаудағы педагогтің рөлі


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.Ж. Баймуханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж.Е. Абдыхалыкова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

буллинг, жасөспірім, педагог, педагогтің құзыреттілігі, буллингтің алдын-алу

Аңдатпа

Жалпы орта мектептегі буллинг қазіргі әлемде маңызды әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде қарастырылады. Буллингтің алдын алу және оның зардаптарын азайту білім беру ұйымының басты міндеті. Буллинг мектеп өмірінің әртүрлі салаларына, яғни жалпы оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздік сезіміне, физикалық және психологиялық денсаулыққа, іс-шаралардың сапасы мен тиімділігіне, жалпы мектеп өмірінің мәдениетіне әсер етеді. Мектептегі буллинг дер кезінде тоқтатылмаса, ол балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының элементіне айналып, олардың кейінгі өмірінде бірге жүруі мүмкін. Педагогтің буллингке назар аударуы, тікелей буллинг деңгейін төмендеуіне әсер етеді.
Бұл мақалада буллинг мәселесін шешудегі және алдын-алудағы педагогтің негізгі рөлі айқындалады. Оқушылар арасындағы кездесетін буллингті мұғалімдердің қабылдау ерекшеліктері сипатталады. Жалпы орта мектептегі буллинг жағдайына мұғалімнің араласуының қаншалықты әсері бар екендігі көрсетіледі. Педагогтерде буллингті тануда, оған тиімді жауап беруде, сондай-ақ буллинг жағдайында жеке ұстанымда қиындықтардың кездесетіні анықталады.
Мақалада жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу мен болдырмаудағы педагогтің рөлін анықтау бойынша алдынғы қатарлы шетелдік және отандық зерттеулерге шолу жасалады. Қазақстан және басқа елдердегі білім беру ұйымдарында буллингтің таралуы туралы статистикалық мәліметтер қамтылды.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Баймуханова, А. ., & Абдыхалыкова , Ж. . (2023). Жалпы орта мектептегі жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу мен болдырмаудағы педагогтің рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 163–173. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1569

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)