Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытуда 4К құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болып келетін креативтілік
Кілт сөздер:
креативтілік, құзыреттілік, жоғары білім, деңгей, студенттер.Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің креативтілік
деңгейін зерттеуге арналған. Мақалада креативтілік пен шығармашылық құзыреттілік терминдерін
зерттеудің негізгі тәсілдері, олардың негізгі ұғымдары анықталған. Зерттеу әдістері сауалнамалар,
зерттелетін құбылыс туралы әдебиеттерді теориялық талдау, сондай-ақ алынған мәліметтерді
түсіндірудің салыстырмалы әдісі қолданылды. Зерттеуге Қазақстанның бес жетекші университетінен
288 респондент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың креативтілік деңгейі
анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша 1 және 2 курс студенттерінің арасында креативтілік
қабілетінің төмен және орташа деңгейі басым, ал 3 және 4 курс студенттерінің шығармашылық
қабілетінің орташа және жоғары пайызы жоғары екені анықталды. Бұл тақырыпты одан әрі зерттеуі
жоғары оқу орындарында шетел тілін оқыту кезінде студенттердің шығармашылық қабілеттерінің
даму деңгейін арттырады.