«Нейробиология» пәнінен виртуалды зертхана құрудың әдістемелік негіздері


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Ә.Н. Омар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.М. Сағымбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • А.Б. Жылқаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • А.Б. Үсенбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • А.Қ. Әбілтай Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Ж.М. Қалдыбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

электронды оқыту, виртуалды зертхана, ақпараттық сандық ресурстар, оқыту әдістемесі, ақпараттық технологиялар

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту уақыттарында виртуалды зертхананы пайдаланудың тиімділігі барысында мәселе талқыланған. Мақаланың мақсаты-жоғары оқу орындарында виртуалды зертхананы «Нейробиология» пәнінен құра отырып оқу үдерісінде қолдану және тиімділігін сараптау. Қазіргі Covid-19 пандемиясы кезіндегі қашықтықтан оқытудағы қолданылуы белең алған электронды оқыту арнайы пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешендерді ғана емес, сонымен қатар, кәсіби құзіреттілікті меңгеруге бағытталған бағдарламалармен қамтамасыз етуді міндеттейді. Мақаланың бірінші бөлімінде жоғары оқу орындарында білім алушылардағы арнайы пәнге байланысты тәжірибе жасау құзіреттіліктерін қамтамасыз ету үшін оңтайлы әдіс бұл-шын обьектілерді сипаттай отыра құрылған электронды виртуалды зертханалар екендігі баяндалады, жоғары оқу орындарында оқытылатын «Нейробиология» пәнінен виртуалды зертхана құрылғандығы айтылады. Мақаланың екінші бөлімінде «Нейробиология» пәнінен білім алушыларға дәріс сабақтары уақытында арнайы құрылған виртуалды зертхана ұсынылып, алынған нәтижелер сарапқа салынады.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омар, Ә. ., Сағымбай, Б. ., Жылқаев, А. ., Үсенбай, А. ., Әбілтай, . А. ., & Қалдыбек, Ж. . (2023). «Нейробиология» пәнінен виртуалды зертхана құрудың әдістемелік негіздері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 92–106. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1562

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика