Шет тілін жоғары оқу орындары тілдік емес факультеттерінде оқыту: теория мен практика


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н.А. Устелимова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Е.А. Чигирин Воронеж қаласындағы мемлекеттік инженерлік технология университеті

Кілт сөздер:

кәсіби – бағытталған шет тілі, полилингвизм, кәсіби білім, тілдік білім, тілдік біліктілік

Аңдатпа

Қазіргі білім беру кеңістігінде академиялық икемділіктің кеңеюіне сәйкес шетел тілдері жетекші жайғасымдыққа ие болды. Сондықтан бүгінгі күні елді жаңғырту мен дамыту мақсатында шетел тілдерін оқытудың әдістемелік жіне дидактикалық мәселелері ғалымдар үшін шешуші және маңызды болып табылады. Мақалада шет тілін міндетті компонент ретінде кәсіптік жоғары білім беру орындарында оқыту ерекшеліктері қарастырылады, авторлармен қазіргі талаптар мен шетел тілінде білім алушыларға жасалатын жағдайлар арасындағы қарама-қайшылық анықталған. Болып тұрған проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын табу үшін авторлармен шет тілін тілдік емес факультеттерде оқыту жағдайлары зерттеледі және талдау жасалынады. Сонымен бірге олармен оқытушылар оқу процесінде белсенді түрде қолданатын оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар және оқытушылар мен студенттердің жұмысын реттейтін және соған сәйкес жұмыстық модульді оқу бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік комплексін құрастыруда негіз болатын типтік оқу бағдарламалары тәрізді нормативтік құжаттар қарастырылады. Мақаланың практикалық бөлімінде ЖОО-да кәсіби бағытталған тілдік оқытуды тиімді ете түсетін және өзге тілде білім беру процесінде студенттердің мәдениаралық кәсіптік қарым-қатынас орнатуын жүзеге асыруда компетенция қалыптастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайлар мен әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Устелимова, Н. ., & Чигирин, Е. . (2024). Шет тілін жоғары оқу орындары тілдік емес факультеттерінде оқыту: теория мен практика. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 124(3), 136–141. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1999

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)