Математика мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін кейс технологиясымен оқытудың тиімділігі


Қаралымдар: 249 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

  • Р.Е. Абдуалиева І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • С.М. Сеитова І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Кілт сөздер:

математика, ақпараттық-құзыреттілік, әдіс, білім беру, оқыту процессі, кейс-технология, заманауи сұраныс, мұғалімі, критерий, ерекшеліктер.

Аңдатпа

Мақалада математика мұғалімдерінің оқыту жүйесіндегі, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын, кейс технологияның тиімділігі мен артықшылықтарын қарастырдық. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыратын оқыту жүйесінде оқу процесі кезінде әр-түрлі әдістермен құралдар қолданылады. Оқытушылардың

монотонды дәріс оқуынан гөрі студенттерге оңай және тез сіңірілетін кейс-технологиясының тиімділігі туралы мәселелер қарастырылған. Заманауи сұранысқа сай оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі - кейс технологиясы. Кейс-технологиясының мазмұны мынада: талдау, ықтимал шешімдерді ұсыну, экономикалық, әлеуметтік және іскерлік жағдайлардың сипаттамасын пайдалану.

Кейс-технологиясын білім беру технологиясы деп санауға болады, себебі оның негізіне кейбір проблемалық жағдайды рөлдік ойындар, жоба әдісі мен талдау жатады. Кейс-технологияны пайдалану кезінде белгілі бір жағдайлар тұғызу, білімгерлердің әртүрлі аудиторияларындағы кейспен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеру, топтағы кейспен жұмыс істеудің ұйымдастыру ережелерін сақтау маңызды, сонымен қатар дәстүрлі тәсілден айтарлықтай ерекшеленетін мұғалімнің рөлі дұрыс анықталуы тиіс. Мақалада математика сабағын ұйымдастыруда кейс-технологиясын қолдану және оны білім беру процесін интеграциялануы тұрғысында қарастыруды алдымызға мақсат етіп қойдық.

Жоғарыда айтылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі критерилері (міндет) негізге алдық:

- кейс-технологиясының ерекшеліктерін айқындау

- кейс- технологияның оқыту процессінде қолдануды көрсету;

- оқыту процессінде оның қолданылуының тиімділігін талқылау.

Кейс технологиясының тиімділігін анықтау үшін үш кезеңнен тұратын эксперименттік зерттеу жүргіздік, оған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, жаратылыстану жоғары мектебінің, физика-математика білім беру бағдарламасының 1 және 3 курс білімгерлері қатысты. Эксперимент нәтижесі қойған мақсатымыздың тиімділігін анықтады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдуалиева, Р., & Сеитова, С. (2023). Математика мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін кейс технологиясымен оқытудың тиімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 12–21. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика