Жастардың жоғары білімді таңдауға қатысты ата-ана ұстанымдарын әлеуметтанулық талдау


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • M.К. Шнарбекова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • У. Муталип Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Жастардың жоғары білімді таңдауын зерттеуде ата-ана ықпалын ескеру маңызды. Ата-ананың жоғары білім беру саласындағы тәжірибелері мен ұстанымдары жастардың таңдауына әсер етеді. Жоғары білімді таңдауда жастар ата-анасының кеңестері мен отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескереді. Мақалада ата-ананың жастардың жоғары білімді таңдауына ықпалы сараланады. Мектеп түлектерінің ата-анасымен жүргізілген сұхбат нәтижелері берілген. Іріктеу жиынтығы 100 респондентті құрайды. Алынған мәліметтер ата- ананың білім деңгейі, тұрғылықты жері, отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен жастардың біліми таңдауы арасында байланыстың бар екенін көрсетеді. Ата-анасының білім деңгейі жоғары болғанда жастар жоғары біліммен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуға да талпыныс көрсетеді. Ата-анасының білім деңгейі төмен болған жастар орта арнайы білім алуды да қарастырады. Тұрғылықты жердің де ықпалы бар. Кіші қалаларда мамандықты таңдауда ата-ана ықпалымен қатар туысқандардың әсері де болады. Ірі қалаларда кәсіби таңдау жасауда тек отбасы ішінде талқылау жүргізіледі. Алынған мәліметтер жоғары білімді таңдауда ата-ананың ықпалын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Ата-ананың білім деңгейі мен отбасының әлеуметтік жағдайы әлеуметтік жіктеу факторы ретінде анықталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы кеңес беру бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік беретін деректерді ұсынумен байланысты. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және жастардың жоғары білімді таңдауда ата-ана ықпалының маңыздылығы туралы хабардарлықты арттырады.

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шнарбекова M., & Муталип U. . (2024). Жастардың жоғары білімді таңдауға қатысты ата-ана ұстанымдарын әлеуметтанулық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 497–507. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1035

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану