Қазақстандағы ішкі миграциялық процесс тенденциялары


Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • Е. Арғынбек Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аналитикалық департаменті, Астана, Қазақстан
  • Н.О. Байгабылов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
  • А.Д. Абуова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Аңдатпа

 Мақалада Қазақстан жастарының ішкі миграциясының негізгі себептері зерттелген. Зерттеу барысында жастардың ішкі көші-қонына ықпал ететін факторларын айқындауға ерекше назар аударылады. Талдау жүргізу үшін қазіргі уақытта ел ішінде қоныс аударған жастар арасында жүргізілген зерттеулер негіз болды. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ішкі көші-қонға әсер етуші негізгі себептер анықталып, тенденциялар тұжырымдалды. Миграциялық процестер аймақішілік және өңіраралық миграцияға әсер етуші факторлар мен себептерді түсіндіруге ықпал етеді. Бұл мақалада еңбек миграциясы, атап айтқанда жастардың көші-қон мәселесі талқыланады, себебі мигранттардың басым бөлігі - бұл 15 пен 35 жас аралығындағы жастар. Мигранттар саны жыл өткен сайын артып барады. Көші-қон процестері өзге этникалық ортадағы параллель мәдениеттер мен параллель қоғамдар секілді бірқатар этноәлеуметтік мәселелерді тудырады.

Бүгінде жастардың тұрақты көші-қон модельдері біртіндеп уақытша және циркулярлы қозғалыстар тәжірибелерін ығыстыруда. Мемлекеттің қызметімен реттелетін қоғамдық өмір бағыттарының үлкен спектрінде көші-қон саясаты – біздің еліміз үшін күрделі мәселелердің бірі.

Жастар көші-қоны, ең алдымен, оның білім алуына байланысты жеке дербес зерттеу бағыты болып табылады. Білім алу мақсатында көші қон туралы бастапқы шешім қабылданған кезеңге қарай назар бірте-бірте ең жас буынға ауысады. Мұндай шешім жас адамның кейінгі өміріне де, жалпы адам капиталының кеңістіктік бөлінуіне де үлкен әсер етеді. Үздік жастар үшін бәсекелестік өңірлерді дамытудың маңызды факторына айналуда.

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арғынбек, Е. ., Байгабылов, Н. ., & Абуова , А. . (2024). Қазақстандағы ішкі миграциялық процесс тенденциялары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 508–518. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1101

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану