Дарынды оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңыздылығы


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

  • А.Т. Калдыбаева И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Бішкек, Кырғыз Распубликасы https://orcid.org/0009-0009-4519-8341
  • Д.Е. Утегулов И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Бішкек, Кырғыз Распубликасы

Аңдатпа

Мақалада дарынды оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  маңыздылығы ұғымына берілген анықтамалар мен ғалымдар қарастырған жасұрпақ бойында дарындылықты анықтау барысы көрсетілген.

Бірқатар анықтамаларға сәйкес дарындылық, дарынды оқушы, дарындылықты анықтау және пайымдаудың негізгі тұжырымдамасын, дарындылықты тұтастай қарау және айқындау, дәлелдер келтіру мәселелері қамтылған. 

Сонымен қатар мақалада дарынды және талантты оқушыларды ерте анықтау, оқыту және тәрбиелеу олардың білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі болып табылатындығы,  дарынды оқушының шығармашылық ойлауы нормадан тыс  ерекше болып келетіндігі, дарынды оқушы бойындағы дарындылық пен талантын ортаға бейімдей отырып қалыптастастыруда  мұғалімдер ұстанатын белгілі бір бағыттар болу шарт екендігі туралы айтылған. Дарынды оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың  маңыздылығы білім мен тәрбие беру үшін ерекше білімді қажет ететін балалардың дарындылығын қолдау мен дамытуға бағытталуы тиістігі, оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін айқындау барысында ғалымдардың ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізу барысы  мазмұндалған.

Осы ретте, дарынды оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңыздылығын анықтау барысында ғалымдар еңбегіне ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп, теориялық тұрғыда тұжырымдама жасалып, қорытынды ұсынылды.

 

Жүктеулер

Жарияланды

10.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калдыбаева , . А. ., & Утегулов , . Д. (2024). Дарынды оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңыздылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 149(4), 176–183. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1138

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика