Ақпараттық теория негіздерін зерделеуге арналған білім беру ортасын информатика пәнін оқытуда қолдану


Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 126

Авторлар

  • А. Базарбекова
  • А.М. Мубараков
  • Б.А. Мукушев
  • Б.А. Прмантаева

Кілт сөздер:

ақпараттық теория, білім беру ортасы, оқытудың әдістемелік жүйесі, білім беру мазмұны, білім беру әдіснамасы

Аңдатпа

Жұмыста ақпараттық теория негіздерін орта мектепте оқыту мәселелері зертелген. Қазіргі уақытта ақпарат теориясының кейбір негізгі ұғымдары объективті және субъективті себептерге байланысты толық ашылмағаны дәлелденген. Оқушылардың ақпараттық теорияның негізгі ұғымдарын, заңдарын және теорияның практикалық қолданысын оқушылардың жүйелі түрде оқып үйренуін қамтамасыз ететін білім беру ортасының құрылымы және функциялары қарастырылған. Ақпараттық теория бойынша білім беру ортасының құрылымының маңызды элементі оқытудың әдістемелік жүйесі толық ашылған. Әдістемелік жүйенің негізгі бөлігі – ақпараттық ілімге қатысты теориялық және практикалық оқу материалдары болып табылады. Бұл оқу материалдары білім беру мазмұнының негізгі бөлігін құрайды. Әдістемелік жүйенің басты бөлігі болып табылатын білім беру әдіснамасының құрылымы толық ашылған. Ақпараттық теория негіздерін оқушылардың тиімді түрде меңгеруін қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен формасы, технологиясы және оқыту құралдары зерделенген.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Базарбекова, А., Мубараков, А., Мукушев, Б., & Прмантаева, . Б. (2023). Ақпараттық теория негіздерін зерделеуге арналған білім беру ортасын информатика пәнін оқытуда қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 56–62. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/131

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика