Экологиялық білім беруде синергетика идеяларын қолдану жолдары
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
өздігінен ұйымдасу теориясы (синергетика), экологиялық білім беру, интеграция, экологиялық сана және мәдениет, әлемнің синергетикалық-экологиялық бейнесі, элективті курсАңдатпа
Мақалада өздігінен ұйымдасу теориясы (синергетика) көмегімен орта және
жоғары мектеп жүйесінде экологиялық білім беруді іске асыру үдерісінің әдіснамасы ашылған. Синергетика ғылымаралық теорияға жатады және оның көмегімен жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді интеграциялап оқытуға болады. Жалпы экология ғылымы әр түрлі ғылымдармен тығыз байланыста болғандықтан экологиялық білім беруде синергетика тәсілін тиімді қолдануға болады. Синергетика теориясы
тұрғысынан жер планетасындағы экологиялық мәселелер зерттеліп, білім алушылардың экологиялық санасы мен мәдениетінің қалыптасу үдерісі зерделенген.
Білім алушыларда әлемнің синергетикалық-экологиялық бейнесін қалыптастыру жолдары қарастырылған және мектеп пен жоғары оқу орындарында олардың дүниетанымын дамытуға бағытталған элективті курстардың міндеттері ашылған.






