Бастауыш сынып білім алушыларының ScratchJr-де цифрлық баяндау жобасын жасау негізінде есептік ойлауын қалыптастыру
Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 81
Кілт сөздер:
есептік ойлау, жобалық оқыту, ScratchJr, визуалды программалау, бастауыш сынып, цифрлық баяндау, пәнаралық байланыстарАңдатпа
Есептік ойлау қоғамдағы мәселелерді шешу дағдыларының жиынтығы
ретінде қазіргі кезде білім берудегі инновациялардың орталық назарында болып
отыр. Программалық қамтамасыздандыру арқылы басқарылатын нысандарға
толы цифрлық әлемде жаңа буын өкілдерінің өркендеуі үшін олардың есептік ойлау
дағдылары қалыптасқан болуы шарт.
Есептік ойлау білім алушыларға декомпозиция, абстракция, деректерді жинау,
алгоритмдеу, модельдеу және байланыс сияқты ақыл-ой құралдарын қолдану арқылы
күрделі мәселелерді шешуге көмектесетін ойлау дағдысы. Бұл дағды барлық пәндік
салаларда қолданылады, өйткені білім алушылар болашақта цифрлық аборигендер бола
отырып, стратегияларды, идеяларды және технологиялық тәжірибелерді тиімдірек
пайдалануды үйренеді.
Қарастырылып отырған зерттеуде балалардың бастауыш сыныптарда есептік
ойлауын қалыптастыру үшін Scratchjr ортасымен программалауды оқыту барысында
«Жеті қазынаның бірі» атты қазақ халық ертегісін цифрлық баяндау жобасын
орындату процесі қарастырылады. ScratchJr визуалды бағдарламалау ортасы балалар
үшін көрнекі және пайдалануға оңай, өйткені ол кодтау арқылы жобалық жұмыстарға
жылдам бейімделуді қамтамасыз етеді.
Цифрлық баяндау – бұл білім алушылардың есептік ойлауын қалыптастыратын
ең жаңа педагогикалық тәсілдердің бірі. Оқытушылар білім алушылардың есептік
ойлауын қалыптастыру үшін жаңа технологиялар мен білім беру тәсілдерін іздеу
үстінде. Ал Scratchjr көмегімен цифрлық баяндау бұл сұранысты қанағаттандыра
алады.
Зерттеуде цифрлық баяндау форматында қарастырылған пәнаралық тақырып
«Жеті қазынаның бірі» қазақ халық ертегісі жас кезінен бастап балаларға ұлттық
танымын оятады. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың ұлттық құндылықтарының
қалыптасуына ықпал етеді.
Мақалада есептік ойлаудың үш компонентін: есептік ойлау тұжырымдамасын,
есептеу практикасын, есептік ойлау перспективаларын дамыту үшін бастауыш
сыныптарда цифрлық баяндау жобасын орындатудың артықшылықтары анықталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.