Компания қызметкерлерінің коммуникативті мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
коммуникация; коммуникативтік мінез-құлық; толеранттылық; коммуникативті толеранттылықАңдатпа
Мақаладағы зерттеудің бірінші мақсаты – жеке компания қызметкерлерінің коммуникативті мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеу. Бұл зерттеудің екінші мақсаты – толеранттылық пен коммуникация арасындағы мүмкін байланыстарды анықтау. Зерттеу жұмысында коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктер әдісі қолданылды (В.В. Синявский мен Б.А. Федоришиннің КҰБ әдістемесі), ал толеранттылықты анықтау үшін жалпы коммуникативті толеранттылықты диагностикалау әдісі қолданылды (В.В. Бойко). Жеке компанияның қызметкерлері мемлекеттік компанияға қарағанда толерантты коммуникативті мінез-құлыққа ие. Сондай-ақ, қарым-қатынас пен толеранттылықтың ұйымдастырушылық дағдылары мен жеке және мемлекеттік компания қызметкерлерінің коммуникативті және ұйымдастырушылық дағдыларында ешқандай айырмашылық жоқ екендігі анықталды. Бірақ толерантылықта айтарлықтай айырмашылық бар. Жеке және мемлекеттік компаниялар қызметкерлерінің коммуникативті мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктері бар. Толеранттылық – бұл еңбек процесінің субъектілерінің өзара әрекеттесуінде көрінетін және екіншісін түсіну, қабылдау және тануда көрінетін даралық сипаттама. Барлық нәтижелерді ескере отырып, коммуникативтік толерантылық жақсы қызметкер үшін кәсіби тұрғыда маңызды орынға ие. Сонымен қатар, коммуникативті толеранттылық басқа адамдармен қарым-қатынас жасау және коммуникацияға түсу қабілеті ретінде көрінеді.






