Кәсіби іс-әрекетке даярлық пәнаралық зерттеулердің нысаны ретінде


Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • А.С. Орынбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

кәсіби іс-әрекет, кәсіп, даярлық, іс-әрекет, әлеуметтік педагог

Аңдатпа

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыру және жинақтау мақсаты болып табылатын әлемдік білім беру жүйелерін жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі білім сапасын бағалаудың тиісті құралдарын жасау, мамандарды кәсіби іс-әрекетке даярлау маңызды болып табылады. Ұлттық білім беру жүйелері кез келген мемлекеттің сарқылмас интеллектуалдық және рухани ресурсы екенін түсіне отырып, халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылады, адами капиталдың (білім, кәсіпқойлық, адам мәдениеті және т.б.) сапасын арттыруға дайындығын көрсетеді. Ол үшін озық тәжірибеге ден қоя отырып, мамандардың кәсіби
іс-әрекетке даярлығын қазіргі қоғам талабына сай болуын қамтамасыз етіп, пәнаралық сабақтастық үдерісін жетілдіру қажет. Бұл ретте ЖОО-да әлеуметтік педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау, маманның кәсіби құзреттілілігіне қойылатын талаптарға сай кәсіби іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін арнайы білім, білік, дағдыны меңгеру, әлеуметтік сана мен мінез-құлықты қалыптастыруда пәнаралық зерттеулердің орны мен рөлі айрықша болып табылады. Мақалада аталған мәселелер жан-жақты талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орынбекова , А. . (2023). Кәсіби іс-әрекетке даярлық пәнаралық зерттеулердің нысаны ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 116–127. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1564

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика