Болашақ мұғалімдердің инновациялық технологияларды қолдануға дайындығын қалыптастыру
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
инновациялық технология, қалыптастыру, дайындау, болашақ мұғалім, оқыту, қолдануАңдатпа
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы оқыту үдерісі әлемдік білім
беру жүйесіне енуге бағытталып отыр, бұл ғылым мен тәжірибедегі қарқынды өзгерістермен бірге жүреді. ҚР «Білім туралы» (2007) заңы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2020) құжаттарының негізінде білім беруде тұтас бір тұлғаны қалыптастыру үшін жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлемдік мәдениет деңгейінде қажетті жағдайлар жасау міндеті көзделген. Еліміздің Білім беру реформасындағы өсу бағытының идеясы жаңа буынның, болашақ білікті мамандардың шығармашылық,
инновациялық ойлау қабілеті бар, дүниетанымы жетілген, әлемдік көзқарасы дамыған тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Осы орайда оқу-тәрбие жүйесінің әдістері, нысандары да өзгеруде, әлбетте, білім беру мазмұны, оқытудың мемлекеттік стандарты, оқу жоспарлары әзірленген. Білім беруді түпкілікті жаңашаландырудың бөлігі: инновациялық әдістер, стандартты емес оқыту технологиялары. Сол себепті, тек мектептегі оқыту жүйесінің ғана емес, сондай-ақ жалпыадамзаттың алдында тіршіліктің алдыңғы қатарлы сұрақтары пайда болады: күрделі экономикалық-әлеумет
тік жағдай орын алғанда жас буынды тәрбиелеу мен білім берудің тура жолын табу үшін, үйрену үшін қандай тәсілдер, үлгілер бар. Біздің ойымызша бұл сұрақтарға шығармашылықпен қызмет жасайтын ұстаздардың, әдіскерлердің, педагогтар мен психологтардың талай ізденістерінің есебінен туындаған инновациялық педагогикалық технологиялар жауап береді.






