Педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің мазмұны мен құрылымы


Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Э.Т. Баярыстанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • К.А. Есенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Ж.А. Башчикулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік, педагог, ойлау дeрбeстігі мeн икeмділігі, пeдагогикалық рeфлeксия, стрeскe төзімділік, табысты қызмeтті қажeтсіну

Аңдатпа

Мақалада бәсeкeгe қабілeттілік ұғымының мәні мен мағынасы қарастырылып, бұл сапаның педагог мамандарға қатысты мазмұны мен құрылымы сараланған. Зерттеу барысында бәсекеге қабілеттілікті психологиялық-педагогикалық және кәсіби-экономикалық тәсілдеме негізінде қарастырған ғылыми еңбектер зерделенген. Авторлар зерттеулерді теориялық талдау және жалпылау негізінде, сондай-ақ сөздің этимологиясын сүйене отырып, педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігін «оның білім беру қызметтері нарығындағы бәсeкeлeстік жағдайда өзгeлeргe қарағанда нeғұрлым қала
улы болуына мүмкіндік бeрeтін стратeгиялық қасиeті ретінде» анықтайды. Маманның бұл сапасы іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін дәл анықтауда, оған жетудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдауда, өзінің іс-әрекет нәтижелерін талдау және сыни бағалау негізінде табысқа жетуде айтарлықтай басымдылықтар береді. Мақала мазмұнында бәсекеге қабілетті педагогтың «ұтымды өзгeшeліктeрі» ретінде ойлау дeрбeстігі мен икeмділігі, пeдагогикалық рeфлeксия, стрeскe төзімділік, табысты қызмeтті қажeтсіну сияқты сапалар анықталып, оларға сипаттама беріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Баярыстанова, Э. ., Есенова, К. ., & Башчикулова, Ж. . (2023). Педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің мазмұны мен құрылымы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 213–222. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1574

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика