Қазақстан мен Қырғызстанда қазіргі заманғы жоғары білім беруге халық дәстүрін ықпалдастыру


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Г.Т. Карабалаева Дж. Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университеті
  • Г.Ж. Нурбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д.К. Курманаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.З. Тажитова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, халық педагогикасы, студенттер, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, психологиялық-педагогикалық пәндер, аудиториядан тыс жұмыс, педагогикалық жағдай

Аңдатпа

Қазіргі заманғы білім беруде көптеген дәстүр мен әдет-ғұрыптар өздерінің
сақталған тәрбиелік мәні мен реттеушілік функциясын жалғастыра келе, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп жалғасып келеді. Біздің айтып отырғанымыз, жастардың тәрбиесіндегі педагогикалық құрал қызметін атқаратын халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары. Осы мақалада жастардың тәрбиесінде дәстүр мен әдет-ғұрыптарды пайдалануды зерттеудің теориялық негіздері талданып, халық педагогикасының құралдары арқылы қазіргі заманғы студенттерді тәрбиелеу үшін қажет болатын педагогикалық шарттар тарқатылады. Авторлардың пікіріне қарағанда, қазіргі заманғы ұйымдастырылған білім беру үдерісін байытудың маңызды жолдарының бірі болып саналатын халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрыпына зер салудың өзі жоғары оқу орнының барлық педагогикалық жұмысынының деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін тәрбиелеудің дәстүрлі нысандары мен әдістемелерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп іріктеп алуды әрі пайдалануды көздейді. Халық дәстүрі мен әдет-ғұрпына студенттердің көзқарасын
анықтау мақсатында оларға қатысты жүргізілген сауалнаманың қорытындылары келтіріледі. Авторлардың пікірінше, кейбір педагогикалық шарттар орындалған жағдайда қазіргі заманғы студенттерді толыққанды жеке адам ретінде тәрбиелеуге әрі қалыптастыруға ықпал етеді. Жоо студенттерін тәрбиелеуде халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарды пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтауға арналған эксперименттің қорытындылары талқыға салынады. Әлеуметтік-гуманитарлық дисциплиналар пәндерінің блогын талдаудан соң олардың халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына арналған тақырыптарды өз мазмұнында аша алатындығы анықталып, Қырғызстанда «Этнопедагогика» арнайы курсы әзірленді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карабалаева, Г. ., Нурбекова, Г. ., Курманаева, Д. ., & Тажитова, Г. . (2023). Қазақстан мен Қырғызстанда қазіргі заманғы жоғары білім беруге халық дәстүрін ықпалдастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 375–389. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1591

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика