Инновациялық технологияларды қолдануда студенттердің белсенділігін арттыру жолдары
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
инновация, интерактивті тақта, парадигма, мультимедия, экскурсия, дискуссия, технологияАңдатпа
Қазіргі таңда әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер әлеуметтікэкономикалық және білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданылуын тұрақты түрде арттыруда. Инновациялық білім беру саласында студенттердің өзіндік дамуы мен қалыптасу үдерісі студенттердің белсенділігін арттыру мен педагогикалық шығармашылығын меңгертуге негізделген.
Инновациялық білім берудегі технологиялық қызметтің мақсаты – қажетті ақпаратты өз бетінше анықтау, өңдеу және талдай алатын оны қажетті сәтте тиімді пайдалану арқылы белсенді студенттерді қалыптастыру. Сондықтан, жоғары оқу орындарында студенттердің тұлғасын сапалы өзгертуге байланысты оқытудың инновациялық әдістерін, танымдық қызығушылығын және оқуға деген белсенділігін дамытуға ықпал ете отырып, оқытылатын материалды жүйелендіруге жинақтауға, талқылауға және жарыссөз жүргізуге болады. Инновациялық технологиялар сабақ беру барысында: аудиовизуалды, белсенді оқыту әдістері («ми шабуылы», «кейстік зерттеу»,
жоба әдісі және т.б.), қазіргі заманғы оқыту технологиялары: «Пікірсайыс», «Талқылаулар», «Коллаждар», жаттығу ойындары және т.б., сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі студенттердің ғылымизерттеу жұмыстарын қолдану арқылы танымдық белсенділігін арттырамыз.






