Педагогтің сөз шеберлігі – кәсіби құзіреттіліктің басты көрсеткіші


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.К. Тазабек Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

педагог, жаңа парадигма, антропоөзектік парадигма, кәсіби-коммуникативтік құзіреттілік , сөз мәдениеті, тұлға

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім беру жүйесінде өзгермелі дүние жағдайында өздігінен шешім жасауға дайын, ғаламданудың сынына төтеп бере алатын, бәсекеге қабілетті, отаншыл, кәсібиинтеллектуалдық әлеуеті жоғары педагог дайындау мәселесінің бүгінгі таңдағы өзекті екендігі айтылады.
Сөзге шеберлік, сөз тазалығын сақтау, оны игеру педагог мамандардың құзіреттілігінің бірі екендігі,ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жөнінде сөз болады. Сонымен қатар педагогтің сөз мәдениетін қалыптастыру жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда аса қажеттілігі айтылады. Тіл мәдениеті студенттердің педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды рөл атқарады.
Мақала авторы педагог сөзінің мән-мағынасын ашып, педагог мәртебесінің деңгейін, тұлғалық ерекшелігін бағамдайды. Бәсекеге қабілетті педагог маман даярлауда кәсіби-тілдік құзыреттілігі, өмірлік дағдылары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу мәселесі жөнінде кеңінен айтылған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тазабек , А. . (2024). Педагогтің сөз шеберлігі – кәсіби құзіреттіліктің басты көрсеткіші. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 77–81. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1885

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика