Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруді жаңартудың құралы ретінде


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н.А. Шынтаева Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

инновациялық білім беру, технология, шығармашылық, ақпараттық коммуникация, жоба, модернизация

Аңдатпа

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Инновациялық білім берудегі технологияларды қолдану
сияқты заманауи педагогикалық технологиялар балалардың өзіндік көзқарастарын іске асыруға, педагогикалық процестің қабілеттеріне және даму деңгейіне қарай даралануын және саралануын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру. Инновациялық үдеріс арқылы ортақ әлеуметтік процестер, ол сапалы әртүрлі өтуге байланысты ережелер мен нормаларды мұқият шолу, жаңа топтық қауымдастықты қалыптастыру, сабақта балаларға оқу технологияларын қолдану жолымен жүреді. Сабақтарда шығармашылық сипаттағы жаттығулар, топтық тапсырмалар, рөлдік, іскерлік ойындар, имитация, экскурсия-сабақтар, шығармашылық дамуға бағытталған сабақтарспектакльдер, сабақтар, фильмдер, бейнематериалдарды, интернетті, көрнекілікті пайдалану, «ми шабуылы» әдістерін қолдануда. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру оқытудың инновациялық әдістері  балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шынтаева, Н. . (2024). Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруді жаңартудың құралы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 82–87. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1886

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика